Кезектен тыс педагогикалық кеңес » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс педагогикалық кеңес
28
февраль
2024

Кезектен тыс педагогикалық кеңес

Кезектен тыс педагогикалық кеңес
  2024 жылдың 28 ақпан күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының  аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістері. Қаулының 3-тармағына сәйкес  Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеудің қолданылуы туралы.
  2. Білім беру ұйымының бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі (білім беру ұйымының жұмыс режимі, педагогтердің қызметі, сабақ кестесі, ауысым кестесі, басқа қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі).
  3. Ағымдағы мәселе:
  4. Педагогтарды марапаттауға ұсыну туралы
  5.         Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Менилбеков сөз алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 Қаулысымен «Қазақстан Республикасының  аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістерімен және  қаулының 3-тармағына сәйкес  Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеудің қолданылуы туралы мәлімдеп түсіндіріп өтті. 2-ші мәселе бойынша білім беру ұйымының бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі (білім беру ұйымының жұмыс режимі, педагогтердің қызметі, сабақ кестесі, ауысым кестесі, басқа қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі) туралы таныстырылды және ұстаздарға, білім алушыларға, ата-аналарға осы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі ескертілді.