кезектен тыс №4 педагогикалық кеңес » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » кезектен тыс №4 педагогикалық кеңес
10
октябрь
2024

кезектен тыс №4 педагогикалық кеңес

№6 жалпы орта білім беретін мектебіндегі  кезектен тыс 
№4 педагогикалық кеңес 
  2024 жылдың 10 қазан күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1.Мектептің  өзін-өзі бағалау нәтижелерімен мектеп ұжымын таныстыру.
2.Мектептің өзін-өзі бағалау нәтижелеріне баға беру.
Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша мектеп директоры Менилбеков Б.С. таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына қосымша 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау  өлшемшарттарын» негізге ала отырып, мектепте 2024 жылдың 11 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өзін-өзі бағалау жүргізілді. 
 «Білім беру ұйымдарын бағалау  өлшемшарттарының» 2-ші тарау бойынша барлық бөлімдер басшылыққа алынып, іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалғаны туралы толық мәлімет берілді. . 
4,9 сыныптардың оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқу нәтижелерін бағалау қорытындысымен таныстырды.
СыныпЖурнал бойынша оқушылар саныҚатысқан оқушылардың нақты саны«5» баға алған саны«4» баға алған саны«3» баға алған саны«2» баға алған саныорташа баллоң бағалар%
4- сынып3732721714,854,3
29- сынып525001627732,355

жалпы89872234814
54,65%
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы 1-параграфы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыруда мектепалды сыныптарда өзін-өзі бағалау жүргізілді.
Мектептің материалдық-техникалық базасы  мемлекеттік білім стандартын толық орындауға мүмкіндік жасайды. 
Кемшіліктермен ескертулер, Оларды шешу жолдары айтылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу барысында анықталған кемшіліктер мен ескертулерді айтып өтті.