08
декабрь
2023
«Баскетбол» үйірмесінің кезекті сабағы «Айып добын орындау»
«Баскетбол» үйірмесінің кезекті сабағы
2023 жылдың 8 желтоқсан күні «Баскетбол» үйірмесінің кезекті сабағы «Айып добын орындау» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Үйірме сабағын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Телтаев Мэлс жүргізеді. Бұл үйірменің оқушыға берері мол. Сабақ өте қызық өткізіліп, оқушылардың қызығушылық қабілеттері жоғары болды. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Оқушылар сабақ барысында теориясымен таныса отырып, практикасын ұштастыра білді. Бұл үйірменің оқушылары аудан, облыс көлемінде өтікізілген жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді.