01
июнь
2023
"Сыңғырла соңғы қоңырау" салтанатты кеш.
2023 жылдың 1 маусым күні мектепте 11 сынып бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Бағдарлама негізінде АӘД пән мұғалімі Б.Байтаев оқушыларды сапқа тұрғызып, мектеп директорына рапорт берді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалды. Мектеп бітіруші түлектер сынып жетекшісімен бірге құрметпен ортаға шақырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Менилбеков Бактияр Смадилович құттықтау сөз сөйлеп ашты. Келесі сөз кезегі аудандық мемлекттік кірістер басқармасының бастығы Сырлыбаев Мұрат Мырзауытбекұлы, Кеңес ауыл округінің әкімі Джапаркулов Есберген Дүкенұлымен, аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Қасымова Мағрипа Жармұхамедқызына берілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Гүлзат Қайдарқызы сөз сөйлеп, мектеп директорының бұйрығымен таныстырып, 9-11 сынып оқушыларын құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Бағдарлама бойынша мектеп бітіруші түлектер концерттік бағдарламасын ұсынды. Мектеп түлектері мектеп вальсін орындады. "Соңғы қоңырау" жиын бағдарламаға сай, толық орындалды. Жиынға1,9,10 сынып оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және қонақтар қатысты. Салтанатты жиын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.
