2022 жылдың 6 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларымен ДОТІЖО Г.Тескенбаева білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары бойынша жиналыс өткізді.
2022 жылдың 6 желтоқсан күні 11 сынып оқушыларымен ДОТІЖО Г.Тескенбаева білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары бойынша жиналыс өткізді. Білім сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша білімдерін талдау, сынақ тест нәтижесінің көрсеткішін таныстыра отырып, оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу. Оқушылардың білім сапасын арттыру ең алдымен теориялық дайындықты қажет етеді. Сондықтан оқушы ҰБТ-ге дайындалу барысында өзінің танымдық іс-әрекетін жандандыру, белсенділік таныту керек. Сынақ тестің орташа балл көрсеткіші- 69,7. Бұл көрсеткіш оқушыларымыздың білім сапасына сай келмейтіні және дайындықты сапалы жүргізу керек екені ескертілді. Математика пәнінің мұғалімі Н.Үсіпбаевада оқушыларға дайындық барысында алдына мақсат қою, тиянақтылық және іздену керек екенін айтып, ойын білдірді.

