28
февраль
2020
"Дұрыс тамақта біл"
2020 жылы 28 ақпан күні мектеп медбикесі Эльмира Салғараева 10 сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтана біл" атты дөңгелек стол өткізді. Мақсаты - дұрыс тамақтану адам ағзасына тигізер пайдасы туралы , дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларымен таныстыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Еліміздің бүгінгі және ертеңі жастар, балалар. Бала біздің болашағымыз. ХХI ғасырда Қазақстан мемлекеті денсаулығы мықты, тәні таза , рухани дүниесі бай, жан-жақты білімді, өздігінен білім алуда шығармашыл, қабілетті ерекше тұлғалардан тұру қажет. Жеке денсаулықты сақтау үшін әрбір адам өз ағзасында ауру туғызбау үшін не істеу керек екендігін білу керек.Бұл өте қажет,өйткені барлық аурулардың туу себебі бір- ол білімсіздік, денсаулығына көңіл аудармаудан туындайды."Ауру -астан " дегендей , әр адам ішетін ауыз су мен күнделікті тамағының сапасына көңіл бөлген жөн.Таза су құнарлы тамақ, сіңімді тағам адам бойындағы түрлі ауруларға деген иммунитетті жетілдіріп, қорғаныш қабілетін арттырады деп өз баяндамасында толық мәлімет берді. Оқушылар тамақ құрамындағы негізгі қоректік заттар , дәрумендер, минералды тұздар, қоректік талшықтар және биологиялық белсенді заттар туралы өз ойларын , пікірлерін ортаға салды.