06
декабрь
2023
Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау, суицидтік мінез құлық және олардың құқықтары мен әл әуқатын қамтамасыз ету
Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау, суицидтік мінез құлық және олардың құқықтары мен әл әуқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясындағы 10 күндік жоспары негізінде, мектеп педагог психологы Ж.Сейтқазиеваның 5-9 сынып оқушыларымен Меркі АПБ-нің ЖПҚБ учаскелік политция инспекторы Төрехан Жалғас Бақытұлымен кездесті . Мектеп инспекторы оқушыларға азаматтық құқықтары мен бас бостандығы туралы заңдарды таныстырды. Түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрмеу, танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы адамдар жүрмейтін жерлерге бармау, күдікті жерлерден өзін аулақ ұстау керек. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі туып тұрса, сөмкесін, қажетті құжаттарын дайындап, үйден ертерек кетіп қалған абзал. Сондай-ақ үлкен адамдардан көмек сұрап, полиция қызметкерлеріне жүгіну керек. Балаларды зейінге, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек. Үйде жалғыз болғанда бөтен адамдарды үйге кіргізбеу, бөгде адамның көлігіне отырмау, қыдырып жүргенде бейтаныс адамдардан тәтті сыйлықтар алмау қажет. Сол сияқты мұғалімдер де алдында отырған барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай, көңіл-күйі, тәртібі, сабаққа қалай қатысып отырғанына дейін бақылауы тиіс, - деп кеңесін айтты.



