«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу» тақырыбында брифингтер
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту қызметтерін ұсынатын мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге өз құқықтары туралы көбірек білуге және оларды пайдалануға көмектеседі, сонымен қатар агрессорға қалай әсер ету керектігі туралы айтады. Үш күн ішінде 800-ден астам қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Олар мобильді акциялар, флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және тағы басқа жиын өтті.
Мектеп кітапханашысы Оналбаева Р. мектеп ұжымымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу» тақырыбында брифингтер өткізді.