Оқушылардың Наурыз мекрекесі күндері қауіпсіздіктері » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың Наурыз мекрекесі күндері қауіпсіздіктері
20
март
2024

Оқушылардың Наурыз мекрекесі күндері қауіпсіздіктері

Наурыз айының 20 жұлдызы куні мектептің жоғары 8—11 сынып оқушыларымен Наурыз мерекесі кундері және көктемгі демалыс кундергі (21—31.03) аралығындағы оқушылардың өмір қауіпсіздіктері, беймезгіл уақытта қоғамдық орындарда, көшелерде жүрмеу керектігі, түнгі уақытта сағат 22.00 ден кейін ата анасының немесе оның орнын алмастыратын тұлғалардың еріп жүруінсіз көшелерде, көңіл көтеру орындарында жүрмеу керектігі, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, оттан, өрт қауіпсіздігін сақтау, су айдындарына бармау қажеттіліктері ескертілді. 
Сонымен бірге Ораза айындағы көпшілік жиналатын жерлерге ата анасынсыз ауыз ашу рәсімдеріне бармау керектігі, оқушылар болып өз беттерінше осындай рәсімдер ұйымдастыруларына тыйым салынатындықтары ескертілді
Мектеп қызметкерлері, сынып жетекшілерге мереке және демалыс кезіндегі бала қауіпсіздіктері бойынша күнделікті ата анамен байланыс жасап, кері байланыста болу керектігі түсіндіріліп, ескертілді. 
Күндізгі және түнгі рейд жүргізілетіндігі сынып жетекшілер мен оқушыларға ескертілді. 
Мектеп ұжымы мен ата ананың басты мақсаты балаларымыздың өмір қауіпсіздіктерін назарда ұстап, бірлесе жұмыс жасауымыз керек екенін назарға алуымыз керек!