Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларa » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларa
22
май
2018

Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларa

№6 «Кеңес» орта мектебінде Жаңа жылдық мерекелік

іс-шаралардың өтілуі туралы

Хабарлама

 

     Мерекелік бағдарлама 2017 жылдың 20 желтоқсандағы мектеп директорының №196 бұйрығының негізінде жүзеге асырылды. «Жаңа жыл» мерекесін ұйымдастыру, өткізу кезінде техника қауіпсіздігі шараларын сақтау, балалар өмірінің қауіпсіздігін қорғау, кезекшілік ұйымдастыру және жауапты адамдар тағайындау жұмыстары атқарылды.

    «Жаңа жылдық» мерекелік бағдарлама Даярлық тобының мерекелік бағдарламасымен басталды. Бағдарлама аясында оқушылар мерекелік киімдер киіп, жаңа жылға  арналған ән-жырларын, билерін, көріністерін ата-аналарға арнады.

         Мектеп спортзалында мерекеге сай безендірді. 23.12 күні сағ. 1330-1600дейін 1 «А,Ә» сыныптарында сынып жетекшілері З. Жартаева, А. Тәжімбетованың ұйымдастыруымен «Жаңа жыл» мерекесі жүзеге асырылды.

       25 күні 2 «А,Ә, Б» сыныптарына сынып жетекшілері Халықова А, П. Исақұлова З. Шалабаева оқушылардың жас ерекшелігіне сай концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен бірге 3 «А,Ә,Б» сыныптары дайындаған бағдарлама негізінде мерекелік көңіл күй  сыйлады.

       26 күні  сағ. 930 -1230  дейін 4 «А,Ә,Б» сыныптары 1300-1500дейін 5 «А,Ә» сыныптары мерекелік бағдарлама жүргізді. Бағдарлама Негізінде мерекеге Аяз-Ата, Ақшақар және  жаңа жылдық кейіпкерлер жас жеткіншектердің көңілін көтеру үшін бар өнерлерін салды.

      27 күні 6 «А,Ә» сыныптарында және 7 «А,Ә», 8 «А» сыныптарында жаңа жылдық «Корнавал» кеші ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында сыныптар әр түрлі санада өнерлерін көрсетіп көріністер қойып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

       28 күні сағ. 1400-1800-ге дейін аралықта Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімнің 25 желтоқсан №575 бұйрығының негізінде 9-11 сынып оқушыларына арналған «Асқақ ордам-Астанам» атты жаңа жылдық кеш ұйымдастырылып өткізілді.

      Кешке аудандық білім бөлімінің маманы мектеп кураторы Ұ. Жұматаев жаңа жылдық мерекесіне арнап құттықтау сөз сөйледі. Кешке қатысушы сыныптар мен оқушылар бағдарламалық әзілдер мен мерекелік әндер мен билер арқылы кешті көңілді өткізуге атсалысты.

       Жаңа жылдық кеш аяқталған соң, мектептің кезекші ер мұғалімдері және 9-11 сынып жетекшілері оқушыларға өмір қауіпсіздік туралы ескертіп, уйлеріне өз уақытында бару керектігі туралы хабарлама жасап оқушыларды таратты.Іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.