02
сентябрь
2024
Рейд, түсіндіру жұмыстары
2024 жылдың 2 қыркүйек күні №6 жалпы орта білім беретін мектебінің мобильді топ мүшелері және Меркі аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының участкелік полиция инспекторы күндізгі рейдтік іс-шараларды жүргізді. Мақсаты: әр түрлі санаттағы оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау, қауіпсіздік ережелері туралы ескерту, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу, құқықтық сауаттандыру, ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау, жолдағы, көшедегі, үйдегі, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіздікті сақтау бойынша ақпараттандыру болып табылды. Кәмелетке толмағандардың ересектерсіз түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда жүруіне байланысты. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде 132,442,133,200,423-1КоАІІ жазаға тартылатындығын ескерту.Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екендігі айтылды. Кәмелеттік жасы толмағандардың түнгі мезгілде көшеде заңды өкіліңсіз жүруі, ата-аналар міндеттері, жол-көлік қауіпсіздігі, су, өрт талқыланды.. Жыныстық тиіспеушілік, өз-өзіне қол жұмсау, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы талқылау жүргізілді. Балаларға қатыгездікпен қарау, зорлық- зомбылық көрсету заң аясында қудаланатыны ескертілді.