«Асық ату» үйірмесіндегі "Бес табан" тақырыбында өтілген сабақ » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Асық ату» үйірмесіндегі "Бес табан" тақырыбында өтілген сабақ
14
октябрь
2025

«Асық ату» үйірмесіндегі "Бес табан" тақырыбында өтілген сабақ

 «Асық ату» үйірмесіндегі "Бес табан" тақырыбында өтілген сабақ

 2025 жылдың 14 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Акимбаев Азамат  "Асық ату" үйірмесі аясында жоспарға сәйкес көрнекі сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – "Бес табан". 1-ші топтан 8 оқушы қатысты.

Бұл көрнекі сабақтың мақсаты – ұлттық ойынның түрлерін кеңінен насихаттау, оқушыларға асық ойындарының ерекшеліктерін таныстыру және "Бес табан" әдісінің негізгі ережелері мен тактикаларын меңгерту болды. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға асық ату өнерінің тарихы, ұлттық мәдениеттегі орны мен тәрбиелік мәні жөнінде түсінік берді. Сонымен қатар, асықты дұрыс ұстау, көздеу, дәлдеп ату және қашықтықты есептеу дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар орындатылды.

Сабақтың негізгі мақсаттары:

  • "Бес табан" ойынының ережелерін оқушыларға жан-жақты түсіндіру;
  • асық атуда дәлдік, көз мөлшерін анықтау және қолдың бұлшық етін тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • ұлттық ойындарға қызығушылықты арттыру, қазақтың дәстүрлі мұрасын насихаттау;
  • оқушылардың физикалық дайындығын жақсарту, қолдың икемділігі мен шапшаңдығын дамыту;
  • жеке және топтық жарыстар арқылы бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру;
  • сабақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету;
  • бір-біріне қолдау көрсету, ұйымшылдық, өзара сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Сабақ барысында үйірме мүшелері "Бес табан" ойынындағы негізгі техника мен тәсілдерді практикалық түрде орындап, өзара жарыс элементтері ұйымдастырылды. Мұғалім әр оқушының орындау сапасын бақылап, кемшіліктерін түзетуге бағытталған нұсқаулықтар берді. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді, оқушылар белсенділік танытып, ұлттық спорт түріне деген қызығушылықтары артты.