14
октябрь
2025
«Баскетбол» үйірмесінде «Шабуылдау техникасы» тақырыбында өткізілген көрнекі сабақ
«Баскетбол» үйірмесінде «Шабуылдау техникасы» тақырыбында өткізілген көрнекі сабақ
2025 жылдың 14 қазан күні «Баскетбол» үйірмесінде «Шабуылдау техникасы» тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Телтаев көрнекі сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға баскетболдағы шабуыл әрекеттерінің негізгі элементтері, техникасы мен тактикалық тәсілдері жан-жақты түсіндіріліп, тәжірибелік түрде көрсетілді.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға баскетболдағы шабуылдау техникасының негізгі түрлерін меңгерту;
- Допты алып жүру, тура бағытта және қарсылас ойыншыны айналып өтудегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- Себетке дәлдеп лақтыру дағдыларын жетілдіру;
- Ойын барысында жылдам шешім қабылдау, дәлдік, икемділік және топпен әрекеттесу қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
- Баскетболдағы шабуыл жасау кезінде қолданылатын негізгі қозғалыс элементтерін көрсету және орындату.
- Допты бақылау, бағытты өзгерту, жылдамдықты арттыру сияқты техникалық дағдыларды жетілдіру.
- Екі қадамдық «проход» орындау, секіріп лақтыру, ортанғы және жақын қашықтықтан дәлдікке лақтыру жаттығуларын орындату.
- Жұптық және топтық жаттығулар арқылы командалық әрекет пен өзара үйлесімділікті дамыту.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқушыларды белсенді, жүйелі қозғалысқа ынталандыру.
Сабақ барысында мұғалім шабуыл техникасының әрбір кезеңін көрнекіліктер мен практикалық мысалдар арқылы түсіндіріп, оқушылардың жеке және топтық орындау сапасына бақылау жасады. Оқушылар белсенді қатысып, жаңа дағдыларды меңгеру бағытында жоғары қызығушылық танытты.


