2026 жылдың 28 мамыр күні мектепте №6 педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 28 мамыр күні мектепте №6 педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді
28
май
2026

2026 жылдың 28 мамыр күні мектепте №6 педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2026 жылдың 28 мамыр күні мектепте №6 педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттауды өткізу қорытындысы; 
  2. 5–8, 10-сынып білім алушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру. 

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Г. сөз сөйледі. Ол 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша «Қазақ тілі» пәнінен өткізілген аралық аттестаттаудың нәтижелеріне тоқталды. Аттестаттау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, талапқа сай ұйымдастырылғанын атап өтті. Білім алушылардың білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері сараланып, пән мұғалімдерінің жүргізген жұмыстарына талдау жасалды. Сонымен қатар білім алушылардың көпшілігі бағдарламалық материалдарды толық меңгергені айтылды.

Екінші мәселе бойынша 5–8 және 10-сынып білім алушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру мәселесі қаралды. 

5 «А» сыныбы – 18 оқушы
 5 «Ә» сыныбы – 17 оқушы

6 «А» сыныбы – 16 оқушы
 6 «Ә» сыныбы – 17 оқушы

7 «А» сыныбы – 21 оқушы
 7 «Ә» сыныбы – 22 оқушы

8 «А» сыныбы – 18 оқушы
 8 «Ә» сыныбы – 17 оқушы
 8 «Б» сыныбы – 17 оқушы

10 «А» сыныбы – 20 оқушы, барлығы 183 оқушы. Пәндер бойынша жылдық қорытынды бағалары негізінде білім алушылардың келесі сыныпқа көшуі туралы шешім қабылданды. Үлгерімі қанағаттанарлық білім алушылар келесі сыныпқа көшірілді.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.