Сайт аралық аттестаттау өткізу туралы кезектен тыс пед.кеңес 14 сәуір. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сайт аралық аттестаттау өткізу туралы кезектен тыс пед.кеңес 14 сәуір.
14
апрель
2025

Сайт аралық аттестаттау өткізу туралы кезектен тыс пед.кеңес 14 сәуір.

Кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізу туралы
 2025 жылдың 14 сәуір күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске барлығы 50 мұғалім қатысты. Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1.Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен  5-8, 10-сыныптарда  аралық  аттестаттау ерекшеліктері және мақсат-міндеттерімен таныстыру.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным  хатпен таныстыру.
3. Сыныптар бойынша дайындық жұмыс жоспарын,  жауапты пән мұғалімдерін, көмекші  ассисенттерді және өткізілу мерзімі,  кезекшілік кестесі мен жауапты тұлғаларды және академиялық  адалдық қағидаты сақтала отырып, пән мұғалімдері емтихан материалдарын дайындап, бекіту.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.С.Меңілбеков сөз алып, 2024-2025 оқу жылында «Қазақ тілі» пәндерінен  5-8, 10-сыныптарда  аралық  аттестаттау өткізіледі. Білім алушылар  «Қазақ тілі» пәнінен  5-8, 10-сыныптарда  оқылым, жазылым дағдылары бойынша аралық  аттестаттау жүргізіліп, сыныптан-сыныпқа көшірілетіні туралы айтылды. Мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Г.К.Тескенбаева  сөз алып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным  хатпен таныстырып өтті. Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен  5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным бойынша қысқаша сипаттама жасады. Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім екендігін айтты. Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» пәні бойынша МЖМБС-қа (оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізілетінін мәлімдеді.
Үшінші мәселе бойынша Г.Тескенбаева сыныптар бойынша дайындық жұмыс жоспарын,  тапсырмалар мен жауапты пән мұғалімдерін, көмекші  ассисенттерді және өткізілу мерзімін,  кезекшілік кестесі мен жауапты тұлғаларды таныстырып өтті. 
Дайындық жұмыстарын күшейтуді пән мұғалімдеріне жүктеу қажет, жоспар бойынша эссеге дайындау және аптасына 2 сағат қосымша жұмыс  белгілеу керек екендігі ескертілді. Ассисенттер әр сынып бойынша  2 пән мұғалімін бекіту қажет. Мерзімі 2025 жылдың 26-27 мамыр аралығында өткізіледі.  Кезекшілік 26-27 мамыр І және ІІ ауысымға  академиялық уақытпен үйлестіру қажет. Кезекшілікке жауапты мұғалімдерді  бекітуді  әкімшілік тарапынан басшылыққа алып,  ұйымдастырылады. Академиялық  адалдық қағидаты сақтала отырып, пән мұғалімдері әр сыныпқа емтихан материалдарын өздері дайындайды. Емтихан материалдарын дайындау бойынша  төмендегі пән мұғалімдері жауапкерлікке алады. Олар: 5-сынып бойынша – З.Серикова,  6- сынып бойынша – С.Кемелбекова, 7-сынып бойынша - С.Кемелбекова,Қалдыбаева Гүлзат,  8-сынып бойынша –Калдыбаева Гулжан, 10-сынып  бойынша – Калдыбаева Гулжан. Емтихан материалдарын ақпан айында жинақтап, бекіту және ережені басшылыққа алу қажет деп айтып өтті.