11-сынып білім алушылары үшін алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.
2026 жылғы 5 маусым күні мектептің 11-сынып білім алушылары үшін алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді. Емтиханға 11-сыныптың 33 білім алушы түлегі толық қатысып, мемлекеттік қорытынды аттестаттау талаптарына сәйкес емтихан тапсырды. Емтихан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құжаттары мен мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ережелеріне сәйкес өткізілді. Емтиханның өткізілу барысын пән мұғалімдері Мауленкулова С. және Кенжебек Н. қадағалап, білім алушыларға емтихан талаптары мен қауіпсіздік ережелері алдын ала түсіндірілді. Емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша меңгерген теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін және математикалық есептерді шешу құзыреттіліктерін анықтау, сондай-ақ олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес дайындық деңгейін бағалау болды.
Емтиханның міндеттері- білім алушылардың алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша білім деңгейін анықтау, математикалық ұғымдарды, формулаларды және теоремаларды қолдану біліктілігін бағалау, есептерді шешу барысында логикалық ойлау және талдау жасау қабілеттерін тексеру, алған білімдерін өмірлік жағдайларда және практикалық есептерде қолдану дағдыларын анықтау, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасау және жауапкершілік таныту деңгейін бағалау.
Емтихан белгіленген кестеге сәйкес ұйымдастырылып, білім алушыларға тапсырмаларды орындауға 5 сағат уақыт берілді. Емтихан басталар алдында барлық қатысушыларға емтихан өткізу тәртібі, аудиториядағы мінез-құлық ережелері, рұқсат етілген және тыйым салынған заттар туралы толық нұсқаулық жүргізілді. Әрбір білім алушыға қажетті жағдай жасалып, емтиханның ашық әрі әділ өтуіне ерекше назар аударылды.
Емтихан барысында білім алушылар берілген тапсырмаларды өз бетінше орындады. Аудиторияларда тыныштық пен тәртіп сақталды. Емтихан өткізу кезінде сыртқы көмек көрсету, көшіру, байланыс құралдарын пайдалану немесе басқа да ереже бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Барлық білім алушылар емтихан талаптарын сақтап, белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтады. Пән мұғалімдері емтиханның талапқа сай ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, аудиториядағы тәртіптің сақталуын бақылап отырды. Емтихан жұмыстарының орындалу барысы тұрақты қадағаланып, білім алушылардың академиялық адалдық қағидаларын сақтауына ерекше көңіл бөлінді. Жалпы алғанда, алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан ұйымдастыру талаптарына сәйкес жоғары деңгейде өткізілді. Емтиханға қатысқан 33 білім алушының барлығы белгіленген тәртіп бойынша жұмыс орындады. Емтихан барысында ешқандай техникалық кедергілер мен тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ. Білім алушылар өздерінің пән бойынша алған білімдерін көрсетуге мүмкіндік алып, мемлекеттік қорытынды аттестаттау талаптарын орындады. Осыған байланысты 2026 жылғы 5 маусымда өткізілген алгебра және анализ бастамалары пәнінен мемлекеттік емтихан белгіленген талаптарға толық сәйкес, ұйымдасқан түрде және ереже бұзушылықсыз өткізілгенін растаймыз.
Пішіннің соңы

