№8 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №8 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы
31
март
2025

№8 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы

№8 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы
Мектепте 2025 жылдың 31 наурыз күні кезекті №8 директор жанындағы кеңес отырысы өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі төмендегі мәселелер қаралды:
1.9-сыныптардағы кәсіпке бағдарлау жұмысының жағдайы;
2.Үйірмелер мен спорт секциясы жұмысының тиімділігі;
3.Маскүнемдік, нашақорлық  пен  уытқұмарлықтың  зиянды заттардын алдын алу  жұмыстары.
4.2,3,4,9,11сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің оқытылу сапасы
5.Kundelik.kz жүргізілуі;
Ағымдағы мәселелер:
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектептің кәсіптік бағдар беру педагогы Ж.Үсенбек сөз алып, 9-сыныптардағы кәсіпке бағдарлау жұмысының жағдайы туралы мәлімдеді. 9 сыныптарда балалар кәсіптік өзін-өзі анықтауға баса назар аударады. Жоғары сынып оқушыларына әр түрлі мамандықтарға бағдар беруге тура келеді. 9 сынып оқушыларына «Мамандық таңдауда қателіктерді қалай болдырмау керек?»,  «Табыс формуласы», «Мамандықты таңдау стратегиясы», «Қазіргі еңбек нарығы: мифтер мен шындық» тақырыбында сынып сағаттары, сынып жиналыстары өткізілді. Кәсіби бағдар бойынша 9 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, қорытындылары шығарылды. «Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?» деген сұраққа 82%-ы ия десе, 18% жоқ деп жауап берді деп айтып өтті.                                                                                                                                                                                                                Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып,  үйірмелер мен спорт секциясы жұмысының тиімділігі туралы айтып өтті. Мектебімізде сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстары жүргізіледі. Мақсаты: оқушылардың білімін тереңдету, қабілетін дамыту, шығармашылық қызығушылық тары мен бейімділіктерін қанағаттандыру, қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру, олардың тиімділігін анықтау. Мектепте 9 үйірме жүргізіледі, өз деңгейінде жүргізілуде. Білім алушылар бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жатыр деп тоқталды.                                                                    Үшінші мәселе бойынша  мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Буланова сөз алып,  маскүнемдік, нашақорлық  пен  уытқұмарлықтың,  зиянды заттардын алдын алу  жұмыстары туралы мәлімдеме жасады. Мектепте өткізілген іс-шараларға тоқталды. 5 наурыз күні «Уақыт ағымы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында тренинг өткізілді. 12 наурыз күні 9-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. «Темекі шегудің адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында ата-аналарға ашық есік күні өтіліп, 48 ата-ана қатысты. 17 наурыз күні мектеп медбикесі Э.Салғараева 9-11 сынып оқушыларын салауатты өмір салтын ұстауға шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп тоқталып өтті.                                                     Төртінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева ,Л.Спанкулова сөз алып, 2,3,4,9,11сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің оқытылу сапасына тоқталып өтті. наурыз айының  4-14  күні аралығында мектепішілік бақылау жоспарына сай 2,3,4, 9,11сыныптардағы жаратылыстану пәндерінің оқытылу сапасына тексеру жүргізілді. Тексерудің мақсаты: мұғалімдердің сабақ беру әдістерінің тиімділігін анықтау, сабақтардың жоспарға және стандартқа сәйкестігін тексеру, мұғалімнің жұмысы арқылы оқушылардың білімін анықтау, сабақтың дұрыс ұйымдасқанын және тиімді өткенін анықтау. Тексеру барысында  пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкестігі, электронды журналдың талапқа сай толтырылуы тексерілді. Пән мұғалімдерінің күнтізбелік- тақырыптық жоспарлары үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес.2024-2025 оқу жылына  арналған  жұмыстық  оқу жоспары  2024-2025 оқу жылында    Қазақстан Республикасының  жалпы орта білім беру ұйымдарында  ғылым негізін оқыту  ерекшеліктері туралы   әдістемелік нұсқау хаты негізіндебасшылыққа алынған. Кабинеттері талапқа сай әдістемелік құрал-жабдықтармен толықтыруда. Жаңа жабдықтармен жабдықтауды қажет етеді. Электронды журналдары уақтылы толтырылған деп қатысқан сабақтарына тоқталып өтті.                                                 
Бесінші мәселе бойынша  ДОТІЖО Г:Тескенбаева сөз алып,   Білім класс журналдың жүргізілуіжүргізілуі туралы мәлімдеді. 13 наурыз күні мұғалімдердің білім класс электронды журналмен   жұмыстарына тексеру жүргізілді. Мақсаты: мұғалімдердің сабақтарды уақтылы енгізуі мен бағалауды дұрыс жүргізуі, білім беру стандарты ен оқу жоспарларына сәйкестігі, сабаққа келмеген оқушылардың  белгіленуі. Тексеру барысында  біраз мұғалімдер тарапынан кемшіліктер орын алған. «Білім класс» электронды журналының толтырылу жағдайында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Әшірбеков 5ә,5а, 6ә сынып журналында 10 наурыз мереке күніне сәйкес келгендіктен демалыс деп белгіленген күннің сабақтарын келесі сабаққа кіріктірмеген.  Технология пәнінің мұғалімі А.Орынбасарова  «Жас шебер» үйірмесінің 1-ші тоқсандағы үйірме жоспарын журналға енгізбей, 2- ші тоқсаннан бастап толтырған. Жіберілген кемшіліктер бойынша түзету жұмыстарын жүргізілді. Жүргізілетін жұмыстарды  мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алу жыл соңына дейін жүргізілетіні ескертілдідеп айтып өтті.                                           Ағымдағы мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.Салықбаева сөз алып, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын айтып өтті. 2025 жылдың 6, 13, 19 наурыз күндері мониторинг  жүргізу жөніндегі бракераж комиссиясының құрамы жұмысты тексеріп, АКТ жасады. Мектепте барлығы 411 оқушы бар. АӘК  алатын 6 отбасының 17 оқушысы, 1-4 сыныптан 137 оқушы тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр. Тексеру қорытындысын айтып өтті.