№1 директор жанындағы кеңес кезекті отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 директор жанындағы кеңес кезекті отырысы
29
август
2025

№1 директор жанындағы кеңес кезекті отырысы

№1 директор жанындағы кеңес кезекті отырысы
 2025 жылдың 29 тамыз күні директор жанындағы кеңес кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
  1. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайы.     Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайы.
  2. 9-11 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы және кәсіптік бағдар беру кеңесін құру.
  3. Оқушыларының оқулықпен қамтылу жағдайы.
  4. «Мектепке  жол» акциясының  ұйымдастырылу   жұмыстары. 
 Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша ДШІЖО Н.Ашамай сөз алып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайы мен  мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайы туралы мәлімет беріп өтті. Мектеп 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын толық көлемде жүргізді. Білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
Барлық оқу кабинеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Пәндік кабинеттер (физика, химия, биология, информатика, т.б.) қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жиһаздар (парталар, үстелдер, мұғалім үстелі, орындықтар) тексеріліп, тозғандары жөнделді. Интерактивті тақталар мен проекторлар орнатылып, техникалық құрылғылар өз деңгейінде жұмыс істеуде.
2- ші мәселе бойынша кәсіптік бағдар беруші Д.Кожайбаева сөз алып,  9-11 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы және кәсіптік бағдар беру кеңесін құру туралы айтып, таныстырып шықты. Қазіргі таңда мектеп оқушыларын, әсіресе жоғары сынып оқушыларын (9–11 сынып) болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, еңбекке баулу, өз қабілетін тануға көмектесу – білім беру мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына тек сапалы білім беру жеткіліксіз. Оларды өмірге бейімдеу, кәсіби бағыт беру – басты міндет. Сол себепті арнайы Кәсіптік бағдар беру кеңесін құрып, бұл жұмысты жоспарлы түрде жүргізу өте маңызды. Кәсіптік бағдар беру кеңесінің құрамы :
Төрағасы: Менилбеков Б.С. – мектептеп директоры;
Мүшелері: Тескенбаева Г.К. – ДОТІЖО;
                    Сейтказиева Ж.Ж. -психолог;
                    Кожайбаева Д.Б. – кәсіптік бағдар беруші;
                    Сатаров А.А. - кәсіптік бағдар беруші;
Хатшы: Буланова Ж.М.- мектептің іс құжатын жүргізуші деп таныстырып шықты.
3-ші мәселе бойынша кітапханашы Р.Оналбаева сөз алып, оқушыларының оқулықпен қамтылу жағдайы туралы мәлімдеме жасады. 2025–2026 оқу жылының басталуына орай, білім бөлімінің бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) уақытылы жеткізілді. Оқу құралдары мен кітаптар жеткізілімі мектептің оқушылар контингентіне негізделіп, сыныптар бойынша сұранысқа сай берілді. Мектеп бойынша барлық сынып оқушылары оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді. 2025–2026 оқу жылында ешбір сыныпта оқулық тапшылығы тіркелген жоқ. Барлық кітаптар дер кезінде келіп, оқушыларға теңдей үлестірілді.
4-ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Буланова сөз алып,  «Мектепке   жол» акциясының   ұйымдастырылу  жұмыстары туралы айтып өтті. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 2025 жылы да жалғасын тапты. Бұл акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім, жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету және олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау. Мектебімізде акция 2025 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізілді.