«Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.
17
ноябрь
2023

«Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.

2023-2024 оқу жылында №6 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында   мектеп әкімшілігі 17 қараша  күні 1-4 сынып бастауыш сыныптар, аз қамтылған отбасынан шыққан 26  білім алушының ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасын  ұйымдастырды.
    Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп, күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Ата-аналарға ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау.
      Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. 
      Сауалнама  қазақ тілінде алынып, жалпы 50 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға берілді. 
      Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.