24
февраль
2025
Колледж мамандарының түсіндірме жұмысы
Ақпан айында оқушыларға “2025 жыл-Жұмысшылар жылына орай” №9 Меркі колледжінің мамандары түрлі мамандық бойынша, соның ішінде жұмысшы мамандардан дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, тракторист, эксковаторшы сияқты мамандық, яғни тапшы мамандықтар туралы ақпарат беріп, оқушыларды оқуға шақырды. Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарының тапшылығына қарай көптеген мүмкіндіктер, гранттар бөлінгендігін хабарлады. Оқушыларға колледж мүмкіндіктерін атап айтты. Оқушылар да қызығушылық таныта отырып, туындаған сұрақтарына жауап алды. Колледж мамандарының түсіндірме жұмысынан соң, 9-11 сынып оқушыларымен кері байланыс, қосымша ақпарат беру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта №9 колледжде ашық есік күні болатындығын хабарлады, жұмысшы мамандықтардың оқытылу барысымен, колледждің ішкі жай-күйімен танысу жоспарлануда.
Жауапты: КББП Үсенбек Ж.Ж.


Жауапты: КББП Үсенбек Ж.Ж.


