01
сентябрь
2024
Білім күні "Мектебім- мейірім мекенім" атты салтанатты жиын
№6 ЖОББМ 1 қыркүйек білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені!” атты салтанатты жиын тамаша деңгейде өтті. 1 және 11 сыныптарға арналған салтанатты жиынға ауыл әкімі Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Касымова Магрипа Жармағанбетовна, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы, Кеңес ауылдық округінің әкімі Қойшыбаев Бек Асубекұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Гүлзат Хайдарқызы ізгі тілектерін айтты. Жиын барысында мектептің өнерпаз оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін паш етті. 1-сынып оқушылары салтанатты жиынға өнерлерін көрсетіп, көрерменді тәнті етті.








