«ББЖМ-ге дайындалуда географиядан картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақ » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ББЖМ-ге дайындалуда географиядан картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақ
29
январь
2024

«ББЖМ-ге дайындалуда географиядан картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақ

«ББЖМ-ге  дайындалуда географиядан  картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақ
 2024 жылдың 29 қаңтар күні геогрфия пәнінің мұғалімі  Г.Құрамаева 9 сынып оқушыларымен  «ББЖМ-ге  дайындалуда географиядан  картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жарауына баса назар аударуды қажет етеді.
Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.
Географиялық карталардың атқаратын рөлі.
Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
Карта — саяхат, жырықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
Карта — географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Картаға түсірілетін әрбір құбылыстар, нақты нысандар оның мазмұнын құрайтынын, масштабына қарай бірнөше топқа бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Пландар мөн карталарды құрастыруда ғарыштан түсірілетін суреттің кеңінен қолданылатынын, олардың жер бетін егжей-тегжей бейнелейтінін түсіндіру.
Оқушыға өз бетімен карта сызба жасату арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушының картамен, кескін картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.