"Жеңіл атлетика" үйірмесі аясында жоспарланған көрнекі сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы – "Қысқа қашықтыққа 30 метрге жүгіру". » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жеңіл атлетика" үйірмесі аясында жоспарланған көрнекі сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы – "Қысқа қашықтыққа 30 метрге жүгіру".
23
сентябрь
2025

"Жеңіл атлетика" үйірмесі аясында жоспарланған көрнекі сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы – "Қысқа қашықтыққа 30 метрге жүгіру".

2025 жылдың 23 қыркүйек күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әшірбек Н. "Жеңіл атлетика" үйірмесі аясында жоспарланған көрнекі сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы – "Қысқа қашықтыққа 30 метрге жүгіру".

Сабақтың негізгі мақсаттары:

  • оқушыларға қысқа қашықтыққа жүгірудің дұрыс әдіс-тәсілдерін үйрету;
  • 30 метрге жүгіру барысында бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау және екпінді үдету дағдыларын қалыптастыру;
  • жүгіру техникасындағы қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруді меңгерту;
  • оқушылардың жылдамдық, шапшаңдық және реакция жылдамдығын дамыту;
  • дене дайындығын жетілдіру және жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттыру;
  • спорттық жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
  • оқушыларды белсенділікке, тәртіпке және өз-өзін бақылауға дағдыландыру;
  • командалық рухты қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін дамыту.

Сабақ барысында мұғалім оқушыларға жүгіру техникасын кезең-кезеңімен түсіндіріп, тәжірибелік жаттығулар орындатты. Үйірме мүшелері 30 метрге жүгіруді бірнеше рет орындап, өз нәтижелерін салыстырып, жылдамдық көрсеткіштерін жақсартуға тырысты. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.