«Шебер қолдар» қыздар үйірмесінде «Жеміс тұқымдарынан картиналар жасау» тақырыбында үйірмеден көрнекі сабағы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шебер қолдар» қыздар үйірмесінде «Жеміс тұқымдарынан картиналар жасау» тақырыбында үйірмеден көрнекі сабағы
13
ноябрь
2025

«Шебер қолдар» қыздар үйірмесінде «Жеміс тұқымдарынан картиналар жасау» тақырыбында үйірмеден көрнекі сабағы

«Шебер қолдар» қыздар үйірмесінде «Жеміс тұқымдарынан картиналар жасау»

тақырыбында үйірмеден  көрнекі сабағы

          2025 жылдың 13 қараша күні мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес көркем еңбек пәнінің мұғалімі Л.Айтбаева «Шебер қолдар» қыздар үйірмесінде «Жеміс тұқымдарынан картиналар жасау»тақырыбында үйірмеден  көрнекі сабағын өткізді. Үйірме сабағының негізгі мақсаты — оқушыларды табиғи материалдармен жұмыс істеуге баулу, олардың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнердің бір түрімен таныстыру болды.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға жеміс тұқымдарының түрлерін, олардың қасиеттерін, жұмыс барысында қолдану ерекшеліктерін таныстырып өтті. Сонымен қатар тұқымдарды сұрыптау, кептіру, композицияға лайықтап орналастыру, желімдеу техникасы сияқты негізгі кезеңдер көрнекі түрде көрсетілді. Оқушылар шағын топтарда және жеке жұмыс арқылы өз ойлары мен қиялдарын пайдаланып, әртүрлі композициялық жұмыстар орындады. Сабақта қауіпсіздік ережелері де сақталып, қажетті нұсқаулықтар берілді.
Үйірме мүшелері шығармашылық тапсырмаларға үлкен қызығушылықпен қатысып, табиғи материалдармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдерін меңгерді. Жеміс тұқымдарынан жасалған картиналар эстетикалық жағынан тартымды әрі ерекше болды. Жұмыс соңында оқушылар өз жұмыстарын қорғап, бір-бірінің еңбектерін бағалады.
Көрнекі үйірме сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған мақсаттар толық орындалды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі артып, табиғи материалдарды ұқыпты әрі тиімді пайдалану дағдылары қалыптасты. Мұғалім Л.Айтбаева оқыту әдістерін тиімді қолданып, оқу процесінің нәтижелілігін арттыра білді.