15
апрель
2026
2026 жылдың 15 сәуір күні 9 сынып білім алушыларына ББЖМ-2026 бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ББЖМ-2026
2026 жылдың 15 сәуір күні 9 сынып білім алушыларына ББЖМ-2026 бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 40 оқушы қатысып, берілген мәліметтермен таныстырылды. Мақсаты: МЖМБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалауКүні: 2026 жылдың 30 сәуір– 20 мамыр аралығында
Қатысушылар: 4, 9-сыныптар (іріктеу бойынша 42 оқушы, барлығы 84)
Бағалау салалары: Оқу, математика, жаратылыстану оқу тілінде және сауалнамалар Формат: компьютер, онлайн
Сұрақтар саны: Оқу сауаттылығы (қазақ, орыс) 15 сұрақ. Математикалық сауаттылық: 20 сұрақ. Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық: 30 сұрақ.
9 сыныптар үшін: 189 минут(3 сағат9 минут) 10 минутқа дейінгі үзіліспен (оқушылардың қалауы бойынша) әрбір 35 минут сайы
1-сессия (таңғы 9:00), 4 немесе 9 сынып (оқу ауысымына байланысты) №1 Кабинет (21 оқушы) Тест-әкімші: 1 мектеп қызметкері №2 Кабинет (21 оқушы) Рұқсат етіледі:
ББЖМ платформасында калькуляторды пайдалануға;
ББЖМ платформасында МЕНДЕЛЕЕВ кестесін пайдалануға.
Қатаң тиым салынады:
-Телефонды пайдалану, тапсырмаларды суретке түсіру
-Тест әкімшісінен, ұлттық бақылаушыдан басқа бейтаныс адамдарды кіргізу
-Қалам, қарындаш, қағаз, судан басқа бөгде заттарды әкелу
-Смартфон, планшет, смарт сағат және т.б. гаджеттер
-Шпаргалка, қосымша әдебиет т.б
ББЖМ-2026 бойынша прокторинг (бақылау): ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылады зерттеу өткізілетін әрбір аудиторияда бір веб-камера орнатылады,ол кабинетті толық қамтитын жалпы көріністі қамтамасыз етеді .

