Оқушыларға арналған жазғы мектеп жобасы
№6 жалпы орта білім беретін мектебі
Оқушыларға арналған жазғы мектеп жобасы
2021 жылдың 26 мамырмен 19 маусым аралығында «Жазғы мектеп» жобасы басталды. Қашықтықтан оқу кезінде игере алмаған тақырыптарды оқушылар қосымша сабақтарда үйренеді. Мектеп мұғалімдері 1 сыныптан 10 сыныпқа дейін әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасай отырып, нұсқаулық дайындап, жұмыс жүргізуде. Жазғы мектепте білім алу ерікті түрде жүргізіледі. Білімін толықтыруға ниет еткен ата-аналардың өтініші негізінде жазғы мектепте 187 оқушы қамтылды , 11 топқа топтастырылып, қосымша сабақтар өз деңгейінде өткізіліп жатыр.
Мектеп директорының «Жазғы мектеп» жұмысы туралы бұйрығы шығарылып, жұмыс жоспары бекітілді. Оқушылардың тізімі мен сынып топтары, оқу пәндерінің тізімі, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлары қарастырылып, нақтыланды. Әр сыныпқа уақытша журналдар арналып, сыныптарға сабақ кестесі бекітілді. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары сақталынып, сынып бөлмелері талапқа сай қажетті заттармен толықтырылды.
«Жазғы мектеп» жұмысы өз жалғасын тауып, барлық талаптар сақталынып, күнделікті балалармен түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен жүйелі әрі жоспарлы сабақтар өткізілуде .