9-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді.
08
июнь
2026

9-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді.

2026 жылғы 8 маусым күні мектептің  9-сынып оқушылары үшін қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді. Емтиханға жалпы саны 42 оқушы қатысты. Емтиханды өткізуге жауапты пән мұғалімдері: Қалдыбаева Г. және Серикова З. Емтиханның мақсаты:
 Оқушылардың негізгі орта білім беру деңгейінде қазақ тілі пәні бойынша меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтау, мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес тілдік құзыреттіліктерін бағалау, сауатты жазу, ойын жүйелі жеткізу және тілдік нормаларды сақтау деңгейін тексеру.                                  Емтиханның міндеттері:
      – оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін қорытындылау;
      – жазбаша жұмыстар арқылы сауаттылық деңгейін анықтау;
      – тілдік нормаларды қолдану және мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын бағалау;
      – мемлекеттік стандарт талаптарының орындалу деңгейін бақылау;
     – оқушылардың өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізу қабілеттерін саралау.

     Емтихан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Емтихан басталар алдында оқушыларға емтихан өткізу тәртібі, қауіпсіздік ережелері және бағалау талаптары түсіндірілді. Емтиханға қажетті аудиториялар алдын ала дайындалып, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілді. Оқушылар емтихан материалдарымен белгіленген уақытында қамтамасыз етіліп, тапсырмаларды орындау барысында академиялық адалдық қағидаларын сақтады.           Емтихан барысында оқушылардың тәртіп бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Пән мұғалімдері тарапынан әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстар талапқа сай жүргізілді. Емтихан комиссиясы мүшелері мен бақылаушылар тарапынан емтиханның әділ және ашық өтуіне жағдай жасалды.  Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде оқушылар қазақ тілінің орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық нормаларын сақтауға тырысты.         Көпшілік оқушылар оқу бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін көрсете алды. Жұмыстар белгіленген критерийлер негізінде тексеріліп, бағаланды. 2026 жылғы 8 маусым күні өткізілген 9-сыныптардың қазақ тілі пәнінен қорытынды аттестаттау бойынша мемлекеттік жазбаша емтихан ұйымдастыру және өткізу талаптарына толық сәйкес жүргізілді. Емтихан талапқа сай деңгейде өтті. Оқушылардың білім деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік берілді. Емтихан барысында тәртіп бұзушылықтар мен ереже талаптарына қайшы келетін жағдайлар орын алған жоқ.